Материалы

Діни адасушылықтан діни сауаттылыққа қадам

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің инженерлік-технологиялық университетінде «Діни адасушылықтан діни сауаттылыққа қадам» атты ақпараттық-түсіндірмелі шараның ақпараты

Орал қаласындағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының 1-курс студенттері арасында ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын және қоғамдағы діни ахуалды түсіндіру бағытында жоспар бойынша Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің инженерлік-технологиялық университетінде ағымдағы оқу жылының қыркүйек айының 25 жұлдысында 1-2 курс студенттері арасында «Діни адасушылықтан діни сауаттылыққа қадам» атты ақпараттық-түсіндірмелі шара өткізілді. Шараға Арман Нұрахметұлы Батыс Қазақстан облысы «Дін мәселелерін зертеу орталығы» теологі, Асанов Марат Рахметтоллаұлы Орал қаласы орталық мешітінің наиб имамы, исламтанушы,Ақпараттық-насихат тобының жетекшісі Дүйсенәлі Бейімбет Жамбылұлы, Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитеті «Ел қанаты» қоғамдық қорының жетекшісі Мукатова Айнұр,Жанияров Қабиболла Кенжеұлы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, Разахова Фарида Жақсылыққызы БҚИГУ дін істер жөніндегі кураторы, Шергалиева Манар Туребекқызы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы қатысты.

Шараның мақсаты: Қазақстан халқының рухани мұрасын насихаттау, діни құндылықтарды саяси экстремистік мүдделерге пайдалануга жол бермеуге негіз қалыптастыру.Кездесу барысында теолог мамандар, дінтану пәнінің оқытушылары, имамдар студенттерге діннің негізгі міндетін, ислам дінінің бағыттарын, деструктивтік діни ағымдардың мақсатын, секта дегеніміз не? деген сұрақтар төңірегінде ақпараттық дәрістер оқылды. Шара барысында «Ел қанаты» қоғамдық қорының жетекшісі Мукатова Айнұр министрлік ұсынған теріс ағымдар жетегінде кеткен қазақ азаматары жөнінде және қазақстанда дәстүрлі емес ислам дінін таратушылар, оларды құрушылар туралы бейнероликтер көрсетілді.

Шара барысында университет оқытушылары, студенттер қонақтарға өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Оқытушы Калиева Ж.А: «Қазіргі қоғамда жастар арасында «қазақстандық арман» деген түсінікті қалыптастыруға бола ма?»,-деген сұрағын, ЭЛ-21 тобының студенті Сапар Әділ: «Батыс Қазақстан облысы бойынша деструтивтік діни ағымдар көп сол ағымдарды мемлекеттік тұрғыдан шектеу қоюға бола ма?»,- деген сұрағына Ақпараттық-насихат тобының жетекшісі Дүйсенәлі Бейімбет Жамбылұлына жауап берді.

Жиын соңында қатысушыларға деструктивті діни ағымдар туралы ақпараттар таратылды. Студенттер елімізде дінаралық келі­сімді нығайту, дәстүрлі ис­лам құндылықтарын насихаттау, жастардың діни сауат­ты­­лығын арттыру, теріс пиғылды діни ағымдардың ықпалынан жастарды сақтандыру сияқ­ты өзекті мәселелер туралы жан-жақты мағлұматтар алды.Кездесу соңында облыстық орталық мешіттің ресми сайты таныстырылды. Енді исламға қызығушылық танытқан кез келген адам керек ақпаратын www.oral-islam.kz сайтынан ала алады.


Новости

19/04/2018, 04:07
news-1904201812-13 апреля 2018 года на базе Международной образовательной корпорации (КазГАСА, г. Алматы) проведена Республиканская предметная олимпиада...
620
20/03/2018, 06:16
news-20032018С 13 по 16 марта 2018 года в Западно-Казахстанском инновационно-технологическом университете прошла 18 международная научная конференция...
1917
16/02/2018, 12:13
news-170220188 февраля 2018 года на базе кафедры экологии и биотехнологии инженерно-технологического факультета ЗКИТУ состоялась международная...
2751
16/02/2018, 12:05
news-16022018Заседание круглого стола с международным участием «Вклад особо охраняемых природных территорий в сохранении культурного наследия»...
2352
04/12/2017, 12:04
news-0412201728 ноября 2017 года в 14:00 на инженерно-технологическом факультете ЗКИТУ прошел круглый стол на тему: «Мәңгілік ел – біздің ұлы және лайықты...
3621
04/12/2017, 11:59
news-0312201728 ноября 2017 года в 14:00 в Западно-Казахстанском инновационно-технологическом университете совместо с представителями Департмента...
3464
18/10/2017, 12:05
news-1810201716 октября 2017 года в инженерно-технологическом факультете Западно-Казахстанского инновационного технологического университета была...
3862
17/10/2017, 06:57
news-17102017-02Инженерно-технологический факультет ЗКИТУ поздравляет студента 2 курса специальности «Безопасность жизнедеятельности и охрана...
3834
08/09/2017, 11:23
news-08092017Студенты инженерно-технологического факультета Западно-Казахстанского инновационно-технологического университета Мустафиев Р.,...
4424
02/06/2017, 05:47
news-02062017ВНИМАНИЮ ВЫПУСКНИКОВ КОЛЛЕДЖЕЙ И ВЫПУСКНИКОВ ШКОЛ ПРОШЛЫХ ЛЕТ!!! Прием документов для поступления в университеты осуществляется с 1 июня...
7533